Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Бейсенбі, 29 ақпанның 2024 17:58

ДЕБАТ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРАЙЫҚ !

10-ақпан күні Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Алаш болашағы» дебат клубы қайта жұмысын бастады.

Шешендіктің кілті – дебатта дейді. Дебат ойнай білу болашақ мұғалім үшін де, келешек ұрпақ үшін де маңызды. Себебі, Асхат Аймағамбетов ағамыз айтпақшы, дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Біздің мекеменің басты мақсаты білімді, білікті маман дайындау болғандықтан менде осыған өз үлесімді қоссам деймін.

Түрлі пікірталас сайыстарына қатысу арқылы болашақ мұғалімде қандай қасиет қалыптасады? Ең алдымен өзіне сенімді азамат немесе азаматша болып дағдыланады. Араторлық қасиеті дамып, ақ пен қараны ажырата біледі. Түрлі тақырыптар аясында ойындар ойнағандықтан жан-жақты дамып, жаңашыл әрі ғылым мен білім саласынан хабардар болады. Осындай қасиеттерді білім алушылар бойында дамыту үшін біз әр сенбі сайын облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, тәжірбие алмасатын боламыз. Түрлі қызықты мастер-класстар мен тренингтер арқылы білімімізді кеңейтіп, үлкен достық алаңын құрамыз.  Әлі талай жеңісті қанжығамымызға салып, колледж есімін танылтамыз деп сенемін.

 

Алаш болашағы пікірсайыс

үйірмесінің жетекшісі:

Ж. Н. Сандыбекова

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео