Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сейсенбі, 30 сәуірдің 2024 15:17

«Педагогика және психология әлемінде» атты облыстық олимпиада

Педагогика мен психология тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрететін зерделейтін сала. Білім алушылардың рухани дамуына, ең алдымен оқытудың ғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді.

Психология және педагогика ғылымдарын оқыту барысында болашақ мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы жан-жақты білім беру міндеті туындайды. Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті "Педагогика және психология әлемінде" атты облыстық олимпиадасын ұйымдастырып, өткізді. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінен 10 білім алушы олимпиадаға қатысты. Олимпиадаға қатысушы білім алушылар «Ұлағат» және «Психея» атты екі топқа бөлінді. «Ұлағат» тобы Жұмғажан Томирис, Нуридинова Жансая, Серик Назира, Жомарт Айым, Кумажанова Аяжан М-21 тобының білім алушыларынан құрылды.  Ал, Ар-31 тобының білім алушылары Байбулова Амина, Михайлова Юлия, Рамазанова Аружан, Соколова Мария, Шестакевич Екатерина «Психея» тобының құрамын құрады. Топ жетекшісі педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы Байнакатова Зияда Мендыгалиқызы. Қатысушылар өздерінің презентациялары мен бейнероликтерін аброймен ұсынды. Облыстық олимпиадаға қатысу нәтижесі бойынша, «Психея» тобы 3 орын, «Ұлағат» тобы 2 орынды иеленді. Құттықтаймыз! Еңбектеріңіз елеулі, жұмыстарыңыз берекелі болғай.

Қасқырбаева Мөлдір Ормантайқызы, әдіскер

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео