Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« June 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жұма, 14 желтоқсан 2018 09:04

Біз өз тарихымызды жасаймыз

Rate this item
(1 Vote)

Тарихты бітімгерлер жасайтыны мәлім. Қазақстан құрметті ойыншы ретінде халықаралық кауымдастыққа кірікті.

Мемлекет басшысының бастамасымен, БҰҰ Бас Ассамблеясының 35 елімен қоса автор ретінде ядролық қарудан ада, бейбітшілікке қол жеткізу жөнінде БҰҰ-ның  Жалпыға ортақ декларациясы қабылданды.

Соғысты тоқтату, келіссөздер жүргізу, өзара сенімді нығайту - осы ұстаным Елбасы аузынан ұдайы естіліп келеді, жаһандық сын-қатерлер жағдайында ол нақты бастамалар көтеруді жөн санайды. Айталық, Жаһандық стратегиялық бастама жоспары-2045, ол барлық елдердің адамзат дамуындағы жалпыға бірдей жауапкершілігін айқындайды.  Еуразия кеңістігінде Қазақстан трансконтиненталдық тасымалдаулар «чемпионы» болып табылады, Еуразия экономикалық одағында, Жібек жолының Экономикалық белдеуінде, Еуроодақта белсенді ынтымақтаса әрекет етеді. Тіпті 20 жылдық тарихы бар астанамыз өз архитектурасында бай ұлттық тарихымызбен қатар, қала тұрғызудың батыл үлгісін көрсетіп берді. Астана  Қазақстан Көшбасшысы реформаларының формуласын асқан шеберлікпен бейнелейді: бәрі үшін күтпеген шешім- таңғажайып нәтиже- жаңалық үйреншікті өміріміздің табиғи бөлігіне айналды.

Біздің астанамыз халықтық психологияны, оның сана-сезімін айқындайтын Қазақстан халқының коды секілді,ол өзгеше және оны өзіндік бет-бейнесі ерекшелейді. Ұлттың мәдени коды ата-бабаларымыздан келе жатқан  бірегей ерекшеліктерді өзіне тарта отырып, мәдениеттің осы түрін түсінуге жол ашады.  Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Қазақтың керемет бай мәдени салт-дәстүрлері Қазақстанның өзге этностары  үшін жеті қат жер астындағы секілді әлі күнге ашылмаған құпия  күйінде қалып келеді. Құрманғазының ғажайып күйлері, Мағжанның керемет лирикасы, Мұхтардың эпостық прозасы, Шоқанның таңғаларлық жаңалықтары, Абайдың пәлсапалық тұжырымдары осы бір рухани құндылықтарға көңіл бөлген әр адамның ішкі әлемін нұрландыра түсетіні хақ. Мұндай байлықтан бас тарту... дегеніміз мәдени құбылыстың мәнісін түсінбеу емес пе»,-деп, өз өкінішін білдіреді.

Қазақстан бүгінде экономикалық даму тұрғысынан елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Азамттарымыздың өмір сүру сапасы көз алдымызда. Ендігі жерде жаңа буын ұрпақты тәрбиелеуге, жастарды ел тарихына бетбұрыс жасауына көңіл бөлінбек және бұл дамуымыздың жаңа кезеңі болмақ.

Елбасының таяуда жарық көрген «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген Ұлы Даланың ғажайып қырлары санаға қозғау салып,  халқымыз ата-бабалардан мұраға қалған құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауымыз қажеттігіне назар аудартады.

Ұлы өркениет Далада/ Орталық Азияда/Орталық Еуразияда өрендегені жақсы мәлім, ол түрлі өңірлер мен әлем өркениеттерін біріктіруші Жібек жолында ғана басты маңызға ие болып  қоймай, сонымен бірге ғылыми, мәдени, пәлсапалық және рухани білімге өз үлесін қосты. Мұнда жылқы малы қолға үйретіліп, бірқатар аспаптар мен қару-жарақ жасап шығарылып, кейін өзге өңірлерге тарады.  Алтын адам, Жібек жолы, қызғалдақтар, ғұндар мәдениеті, түрік мәдениеті... Бұл элементтерді бастапқы географиялық нүктеден, Даладан, бөле-жара қарауға болмайды. Ортақ тарихымыз- ұлттық бірегейлік пен сана-сезім қалыптасуының ең тиімді әдістерінің бірі. Ата-бабаларымыз мұрасының құндылығын, туған жермен рухани байланысты түсінбей,   өз отандастарымызбен қоян-қолтық  байланысқа түспей, салауатты қоғамның дамуы мүмкін емес.

Әрбір отбасының және тұтастай еліміздің мерейі біздің балаларымыздың, жастарымыздың алатын біліміне байланысты. Бүгінде 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 93% құрайды.  Орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшуді 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланды.  Осыған орай, жаңа бағдарламаларды, сапалы оқулықтарды енгізу, сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша кадрлар даярлаудың жаңа жүйесіне көшу қажет.

2008 жылдан бері «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары отандық және шетелдік озық тәжірибені үлгі ете отырып, өзіндік қалыптасу жолынан өтті.   2010 - 2018 жылдар аралығында НЗМ-ны 8 мыңға  жуық түлек бітіріп, оның ішінде «Алтын белгi» және үздік аттестатқа 950 оқушы ие болды.  Жалпы үлгерім  100% құрайды. Биылғы жылы әрбір бесінші түлек Назарбаев университетке білім грантын иеленді.  1300-ден астам адам түрлі ЖОО-ға,  түсіп, түлектердің 20% жуығы шетелдің жоғары оқу орындарына және де олардың әрбір бесіншісі  - әлемнің  топ-100 үздік университетіне оқуға түсті.

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің мектептерінде жаңартылған білім мазмұны енгізілуде, бүгінде  оқушылардың  70%-і функциялық сауаттылықты дамытуды негізге алған бағдарламалар бойынша білім алуда.  2011 жылдан бері «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДБҰ бағдарламалары бойынша 320 мыңнан астам мұғалім түрлі курстардан өтті. Жүйелік-әдістемелік кешен құрылып, ол 60 мыңнан астам материалды қамтиды. Бұдан өзге,үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын сағат санын кеміту, кестеге жұптасқан сағаттар енгізу арқылы оқушылар жүктемесі азайтылды.  Енді оқулық авторларының 70%-і  - кәдімгі жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, олар бала психологиясын жақсы біледі, оқулықтарды бекітетін комиссия құрамы 100 адамға дейін өсті және сараптама бірнеше кезеңде өтеді.

Мемлекет халқымыздың өмір сүру деңгейін жақсартуға ұдайы көңіл бөліп келеді.  Еліміздің әл-ауқаты артып, адамдар сапалы білім алады, сұранысқа ие мамандықтарды игеріп, лайықты жұмысқа орналасатын болады. Мәселен, Елбасы бастамашы болған «Болашак» бағдарламасы Қазақстанның болашағына құйылған ауқымды инвестиция болып табылады.  Ол жұмыс істеп келе жатқан 25 жыл ішінде республикамыздың 13 мыңнан астам азаматы шетелдің ең үздік  университеттерінде білім алып, бакалавр, магистр және PhD докторы дәрежелеріне ие болды. Бүгінде олар туған жерге оралып, ел игілігі үшін министр, әкім, Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, түрлі деңгейдегі басшылар қызметін атқаруда.

Мемлекет сондай-ақ педагогтердің біліктілігін, жалақысын және мәртебесін арттыруға үлкен көңіл бөледі. 2023 жылға қарай білім беру саласына бөлінетін қаржы артып, қосымша бөлінген қаражат шеңберінде 2019 жылдан бастап тәрбиешілердің, әдіскерлердің және балабақша меңгерушілерінің жалақысы өседі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен педагог мәртебесі туралы заң жобасы әзірленіп, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін көтерудің оқу жүктемесін азайту, қажетсіз тексерулерден қорғау, мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын арттыру сынды жолдары көзделуде. В целях поддержки Педагогтерді қолдау мақсатында сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін төлемді 3 есе өсіру жоспарланып отыр.  Бұл заң 2019 жылы бекітілмек.

Адамзат баласы жаңа дәуірге, Төртінші өнеркәсіптік дәуірге аяқ  басты. Және бүгінде әл-ауқатты қалыптастыратын басты көздер бұрынғыдай шикізат және пайдалы қазбалар емес. Басты құндылық- ол адамдар, мемлекетіміздің білімді, кәсіпқой, елжанды, ел тарихы мен тағдырын жасаушы отандастарымыз.  азаматтарымыз.

О.А.Рихтер,

жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы

 

Read 787 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео