«Біртұтас тәрбие» жобасы аясында Қостанай жоғары педагогикалық коллежінде кітапханашылардың ұйымдастырумен «Туған жердің ақын жыршысы» атты поэзия кеші 2025 жылдың 05 мамыр күні өтті.
Қазіргі замандағы технологиялардың дамуы өміріміздің барлық салаларына өзгеріс енгізді. Цифрлық технологиялардың әсері, әсіресе, білім беру саласында айқын көрінеді. Цифрлық дәуірде мұғалімдер тек қана білім беруші емес, сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға назар аударатын кеңесші және бағыт беруші тұлғаларға айналды. Цифрлық технологиялар мен құралдарды тиімді пайдалану – студенттерге сапалы білім берудің басты шарты.
2025 жылғы 2 мамырда АР-11б тобында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Жеңіс мамыр" тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты-білім алушылардың бойында патриоттық сезімдерді, өз елі үшін мақтаныш сезімін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың подігін құрметтеуге тәрбиелеу үшін жағдай жасау.
Кураторлық сағат - бұл білім алушылардың арнайы ұйымдастырылған қызметке белсенді қатысатын, оларда қоршаған ортаға қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жұмысының нысаны. Бұл жұмыс білім алушылардың оқу бағдарламаларында көрініс таппаған білім шеңберін кеңейтеді, құндылықтар бағдарын қалыптастыруға, қоршаған ортаға, ондағы оқиғаларға қатынасуға ықпал етеді, оларға өмірде болып жатқан құбылыстарды бағалауға және оң баға беруге көмектеседі.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде 2024-2025 оқу жылындағы озық педагогикалық тәжірибе мектебінің төртінші отырысы сәуірдің 28 күні болып өтті. Отырыстың тақырыбы: “Әдістемелік өнімді әзірлеу мұғалімнің біліктілігін арттыру формаларының бірі ретінде”. Отырысқа 26 оқытушы қатысты. Әсіресе, колледжің жас педагогтері белсенді түрде ат салысты.
2025 жылғы 28 сәуірде Қостанай қаласы білім бөліміне қарасты КММ «№19 жалпы білім беретін мектебі» идеялар мен шабыттың, ашық диалогтың орталығына айналды. Осы күні мектеп парламентінің белсенді мүшелерімен Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің зертханашысы Александр Косолапов кездесті.
2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында Түркістан қаласында ТжКБ оқу орындары арасында «Еңбек кубогы» атты республикалық спартакиада өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен мықты студенттік командалар қатысты, сондай-ақ Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері өз облыстарын лайықты түрде таныстырып, бірден екі түрдегі — тоғызқұмалақ пен шахматтан тамаша нәтижелер көрсетті.