Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 61 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 20 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« February 2026 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  
Сейсенбі, 13 қаңтардың 2026 18:40

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде үздік оқу-әдістемелік жобалар байқауы өтті

2026 жылдың 13 қаңтарында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК базасында педагогтер арасында «Үздік оқу-әдістемелік жоба» байқауы өткізілді.

Бұл байқау колледж оқытушыларының кәсіби шеберлігін арттыру, оқу-әдістемелік жұмыстың сапасын жақсарту және білім беру үдерісіне шығармашылықпен қарауды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: алғашқы кезеңде қатысушылар өтінім мен өз жобаларын электрондық форматта ұсынды. Екінші кезеңде ұсынылған материалдарды арнайы құрылған қазылар алқасы, олар: Жутова Е.М., Кенжегарина А.А., Есенжол Р.А. сараптап, әр жобаға әділ баға берді. Соңғы үшінші кезеңде байқау қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар анықталды.

Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындар:

1 орын – Байнакатова Зияда Мендыгалиевна, Николаева Юлия Валерьевна (бірлескен авторлық жұмыс); 2 орын – Рихтер Ольга Антоновна, Третьякова Ольга Владимировна; 3 орын – Кожевников Александр Вячеславович, Туленбек Сандуғаш Думанқызы.

Жеңімпаздар колледж директорының атынан дипломдармен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық педагогтер шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберліктерін көрсетіп, әдістемелік деңгейі жоғары жобалар ұсынды.

Іс-шара оқу орнының педагогикалық қауымдастығы үшін маңызды тәжірибе алмасу алаңына айналып, оқу үдерісін жетілдіруге жаңа серпін берді.


Каскырбаева Мөлдір Ормантайқызы, колледж әдіскері

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео