Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 61 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 20 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« February 2026 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  
Сәрсенбі, 21 қаңтардың 2026 18:48

Түлектерге арналған кәсіби бағдар: университет оқытушыларымен кездесу

2026 жылғы 21 қаңтарда Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде шығарылым топтарының студенттеріне арналған кәсіптік бағыт-бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.


Аталған кездесуге Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университетінің тәжірибелі оқытушылары қатысты. Атап айтқанда, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі Ли Е.Д., «Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Абдибекова А.Е., сондай-ақ «Өнер» кафедрасының аға оқытушылары Жакаева К.А. мен Айсина С.Т. студенттермен жүздесті.

Кездесу барысында университетте жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, педагогикалық мамандықтардың ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және оқуға қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттердің болашақ кәсіби жолын дұрыс таңдауға бағытталған пайдалы кеңестер ұсынылды.

Шара интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар алды. Мұндай кәсіптік бағыт-бағдар беру кездесулері түлектердің жоғары оқу орнын саналы таңдауына және болашақ мамандығына нық қадам жасауына ықпал етеді.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар мен қонақтар студенттерге сәттілік тілеп, алдағы оқу жолында табысқа жетулеріне ниет білдірді.

 

Қостанай жоғары педагокалық колледжінің
практика бойынша әдіскері
Кенжегарина А.А.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео