Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 61 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 20 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« February 2026 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Мектеп бөлімі № 2

 

Есенжол Разия Алтынсарықызы

№ 2 мектеп бөлімінің меңгерушісі

 

Мамандығы: 01140100 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Біліктіліктері:

  • 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі;
  • 5AB01140101 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры

2013 жылғы 31 шілдедегі № 0161336 мемлекеттік лицензиясына және 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 009 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті берген құжаттар негізінде колледж 01140100 Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша, 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі және 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 008 қосымшасы бойынша 5AB01140101 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры біліктіліктері бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру құқығына ие.

Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің классификаторын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, 2022 жылғы 4 қазандағы өзгерістермен енгізілген Техникалық және кәсіптік білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің классификаторына сәйкес келеді.

Колледжге 01140100 Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Аталған мамандықтың түлектері оқу үрдісінде бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметінде қажет болатын іргелі білімдерді, біліктер мен дағдыларды меңгеріп, кәсіби тұрғыдан құзыретті, жауапты, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс істей алатын, кәсіби өсуге, әлеуметтік және кәсіби мобильділікке ашық маман болып қалыптасады.

№ 2 мектеп бөлімінде күндізгі оқу түріндегі 10 топ бар. Оның ішінде 3 топ – 11 сынып негізінде, 7 топ – 9 сынып негізінде оқиды.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі контингент – 226 адам, олардың ішінде 225 білім алушы – мемлекеттік білім беру гранты бойынша, 1 студент – ақылы негізде оқиды.

Бөлімде 10 куратор және 31 педагог жұмыс істейді. Барлық педагогикалық құрамның базалық және кәсіби білімі бар.
1 және 2 курс студенттері үшін сабақтар бірінші ауысымда, ал 3 және 4 курс студенттері үшін екінші ауысымда өткізіледі.

Группа ФИО куратора Срок обучения
1 У-11а Овражко Марина
3 жыл 10 ай
2

У-11б

Серик Асет Маратулы
3 жыл 10 ай
3

У-21

Николаева Юлия Валерьевна 3 жыл 10 ай
4

У-31а

Тулегенова Наталья Александровна 3 жыл 10 ай
5 У-31б Жубанова Айсулу Еленовна 3 жыл 10 ай
6 У-41

 Ткаченко Татьяна Евгеньевна

3 жыл 10 ай
7 У-32 Байнакатова Зияда Мендыгалиевна 2 жыл 10 ай
8 УПБ-12 Солодова Светлана Вадимовна 2 жыл 10 ай
9 УПБ-22

 Волошко Валентина Ивановна

2 жыл 10 ай
10 УПБ-32 Казкенова Марина Сергеевна 2 жыл 10 ай

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео