Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сәрсенбі, 25 қаңтардың 2023 11:04

«Ұстаз мақсаты-нәтижелі сабақ»

   24 қаңтар күні «Шетел тілдері» кафедрасының апталығы аясында арнайы пәндер оқытушылары Таскенова А.Б. Ак-11 тобында және Юсупова А.К Ар-31 тобында ашық сабақтарын өткізді.

   1 курс студенттері Даниэль Дефоның әйгілі "Robinson Crusoe" атты шығармасымен танысты. Сабақтың негізгі мақсаты: ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Сабақтың басында тақырыптың бөлімін ашу үшін, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру үшін сұрақ-жауап арқылы басталды.
   Сергіту сәті барысында студенттер берілген суреттер арқылы критикалық ойлау тұрғысынан өздерінің ойларын еркін жеткізе білді. Бөлім тақырыбы ашылғаннан кейін жаңа тақырып аясында,автордың өмірбаяны айтылды.  Сабақта жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді таныстыру үшін оқытушы «Baamboozle» атты программаны қолданды. Практикалық жұмысты орындау барысында оқытушы сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланды. Сабақ барысында  «Baamboozle», «Wordwall»,  «Learningapps» атты программаларымен жұмыс жасалынды.
   Ал 3 курс студенттері ашық сабақтарын Джим Ронның "If you change,everything will change for you"(Егер сен өзгерсең, сен үшін бәрі өзгереді) деген мотивациялық ұранынан басталды.
Бұл шартты сөйлемнің мағынасы басқалардың өзгеруін күту емес, өзіңізді дамыту мәселесі екенін білдіреді. Алина Канабековна осы мәлімдемені сабақтың тақырыбымен  байланыстырды. Сабақтың тақырыбы «Conditional Sentences»(Шартты сөйлем). Сабақтың негізгі мақсаты: жаңа грамматиканы ензізу. Сабақ барсында топтық жұмыс болды. Оқытушы «Wordwall»,  «Canva»,  «ESLvideo» атты программаларымен жұмыс жасады.  Студенттер сабақ барысында белсенділік қызығушылықтарын танытты.

Шайхетдинова Айнагуль Батыржановна, шетел тілдер кафедрасының оқытушысы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео