Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Жұма, 27 қаңтардың 2023 16:25

«Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегерлері

    Қазіргі таңда адамзаттық қоғамды дамыту ісіне қатысты мемлекет тарапынан қолға алынып отырған бағдарламалар түрі көп. Күн сайынғы жаңалықтар мен әлеуметтік желідегі трендтерінен қалыс қалмай, ғылыми – технологиялық тұрғыдан рухани дамыған, белсенді азамат болу әр адамның арманы.

Сол арманды жүзеге асыру мақсатында, шығармашыл және талантты жастарды қолдау жөніндегі бастамамен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Елбасы медалі» - жастарды белсенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама болып саналады.  Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
Осымен қатар Қостанай педагогикалық колледжінің екі студенті "Елбасы Медалі" бағдарламасына қатысып Қола меделінің иегері атанды. Олар Қошмағамбет Айдана Нұрлыбекқызы АК-11 тобынан және Нуртазина Айым Абилбеккызы ИК-11 тобы студенттері. Осы студенттердің «Қола» медалінің игерлері болуына байланысты біз, Коржунбаева К.А. және Даулетбаева Ж.Т. ашық сұхбат жүргіздік.
«Елбасы Медалі» жобасына қатысу шарттары қандай? Және қандай пайдасын әкелді?
Айым: Елбасы Медалі бағдарламасының 7 бағыты бар. Оларды атап өтетін болсам: ол волонтерлік, кітап оқу, спорт, ұлттық мұра, еңбек практикасы және дарын мен дағды. Әр бағытта тапсырмалар болады, біз оларды орындап бағдарламаға жүктейміз. Тәлімгер оны тексеріп, баға береді. Ал пайдасын айта кетсем, осы жобаға қатысып мен кітап оқи бастадым және де қазіргі таңда мен тамақты жақсы дайындаймын.
Айдана: Бағдарламаның ең басты шарттарының бірі ол қатысушылардың жас ерекшелігінде. Бағдарламаға қатысушылардың жасы 14-29 жас аралығында болуы керек. Пайдасына келсек Елбасы медалі жеңімпаздар еліміздің мамандар арасында өз орынын табуға мүмкіндік береді жәе де жас ұрпақты қоғами мемлекет өміріне ат салысу ,өз қабілеттерін ашуға көмек көрсетеді.
«Елбасы медалі»  жобасында орын алған тапсырмалардың әлі күнге дейін жалғасып келе жатқаны бар ма?
Айым: Ия,әрине осы тапсырмалар әлі күнге дейін жалғасып келеді: Оның бірі волонтерлік. Волонтерлікке әлі күнге дейін ат салысып келемін .
Айдана: Бағдарламадан  кейін жалғасып  келе жатқан   тапсырма ол кітап оқу . Қазіргі таңда мен психологиялық кітаптарды қызыға оқимын.
Жобаның мақсаты неде деп ойлайсыз?
Айым: Бұл бағдарламанын мақсаты жастарды дамыту, әртүрлі сферадан мүмкіндіктер  көрсете оны игеру.
Айдана: Менің ойымша жобаның ең басты мақсаты ол жастардың өзің өзі тануы, алдына мақсат қойып жүзеге асыруында деп санаймын.
Егерде сіз осы жобаның Авторы болсаңыз қандай өзгерістер енгізер едіңіз?
Біз жоба авторы болсақ,мына бір өзгерістерді қосатын едік.
1.Дизайнерлік іс тапсырмалары
2. Шығармашылық-аспап бьағыттағы тапсырмалар
3. Жас ерекшеліктерін 12 ден 27 жасқа дейін өзгерту
Болашақта осындай жобаларға қатысу ойыңызда бар ма?
Айым: Әрине, "Елбасы медалі" бағдарламасын әрі қарай жалғастырамын деген ойдамын.
Айдана: Мен «Қола» медалінен кейін «Күміс» медаліне қатысқым келеді, егерде «Күміс» медалін алсам, онда «Алтын» медальға қатысамын деп ойлаймын.
    Қортындылай келе, тоқсан ауыз сөздің толықтай бір түйіні, әр кезең өткен сайын қатысушылар өздерінің мықтылығын, дарының аша түседі. Ал, жобаның мәресі, бәсекеге толы шыңды бағындыратын, белсенді тәжірбиеден өткен «Елбасы медалі» иегері атанады. 2023 жылыдың 27 қаңтар күні өткен «English widens opportunities» атты шетел тілдер апталығының жабылу салтанатына орай   Ак-11 тобының студенті Қошмағамбет Айдана және Ик-11 тобының студенті Нуртазина Айымға колледжіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахат Қамар Закарияқызы өзінің құттықтау сөзінен кейін қола медалдерін табыстады. Қоғамда осындай дарынды да, талантты студенттердің көп болғаны бізді қатты қуантты. Осындай үлгілі студенттеріміз көбейе берсе дейміз.

Жанерке Даулетбаева, Коржунбаева Кунсулу
Қостанай педагогикалық колледжінің
Ак-11 тобы студенттері
Әдіскер Таскенова А.Б.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео