Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Жұма, 02 ақпанның 2024 16:37

Шет тілдер кафедрасының жоспарлы отырысы

2024 жылдың 31 қаңтарында Шет тілдері кафедрасының кезекті отырысы өтті. Жоспар бойынша отырыста 3 мәселе қаралды.

Бірінші сұрақ кафедра меңгерушісі Шопанова А.Б. « Қазіргі Қазақстандақ білім беруде инклюзивті білім беруді жаңа идеология ретінде ізгілендіру» атты баяндамасын тыңдады. Педагог Қазақстандағы білім берудің барлық сатыларында инклюзивті білім беруді енгізудің әлемдік тәжірибесін түсіну оны адамгершілік және қолжетімді етуге мүмкіндік беретініне назар аударды, оқытушыларды қазіргі уақытта колледжде қолданылатын әдістемелер мен тетіктермен таныстырды. Отырыстың келесі мәселесі кафедра апталығын егжей-тегжейлі талдау болды. Кафедра меңгерушісі педагогтарға ұжымның ұйымшыл жұмысы үшін, жобалаудағы креативтілігі және жоспарланған іс-шараларды жариялаудағы жеделдігі үшін алғысын білдірді. Кафедра педагогтарына кафедра апталығын өткізу бойынша ұсыныстар берілді. Отырыс барысында кафедра педагогтарының колледж сабақтары мен іс-шараларына өзара қатысуына қатысты мәселе қаралды, өйткені қызметтің бұл түрі педагогтардың біліктілігін арттыру нысандарының бірі болып табылады. Сабаққа қатысудың мақсаты-колледж мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін зерделеу, оны жалпылау және оқытушылық және тәрбие жұмысының өз тәжірибесіне тиімді әдістерді енгізу.          

Шопанова А.Б., Шет тілдер

кафедрасының меңгерушісі

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео