Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сенбі, 08 желтоқсан 2018 20:28

Мен колледж студенті болғаныма мақтанамын!

Rate this item
(1 Vote)

2018 жылдың 06 желтоқсанында Т-41, В-32, М-41, У-41,У-43, А-32, А-41, Д-41 топтарының студенттері Қостанай педагогикалық колледжінің 55 жылдығына арналған "Мен колледж студенті болғаныма мақтанамын! " атты шығармалар байқауына қатысты.

Студенттер өздерінің жазбаша жұмыстарын колледж мұражайына тапсырды. Студенттер өздерінің колледждегі өмірлері мен қызықты сәттерімен бөлісе білді. Кейбірі өлең жолдарын арнаған.

Барлық инновацияны табысты жүзеге асыруға, қалыптасқан және жаңа бағыттар бойынша студенттерді дайындауға және жоғары деңгейдегі оқыту мекемесі мәртебесін қолдауға оқытушылар, әлеуметтік серіктестер мен ата-аналар көмектеседі.

Біліктілігі жоғары оқытушылар құрамы, жақсы кітапхана және компьютерлік сыныптар "мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Бастауыш білім", "әлеуметтік-көркем қызмет және халықтық көркем шығармашылық" мамандықтары бойынша белсенді білім алуға мүмкіндік береді. Ал болашақ мұғалімдер тек теорияда ғана емес, тәжірибеде де қолөнерді игереді. Колледждің Мектепке дейінгі ұйымдарында және Қостанай қаласының орта мектептерінде әлеуметтік серіктестері бар. Жазғы тәжірибе де жақсы ұйымдастырылған. "Мерей" жазғы сауықтыру лагерінде бір де бір ауысым біздің колледждің студенттерінсіз өтпейді.

Сонымен қатар, болашақ педагогтар мектеп жанындағы лагерьлерде жұмыс істейді және өз қызметі туралы шығармашылық есептер дайындайды. Педагогикалық кадрларды даярлау, жинақталған колледждердің тәжірибесі арқасында түлектердің алдында жұмысқа орналасу мәселесі жоқ.

Мектеп оқушылары, Қостанай педагогикалық колледжін таңдаңыз!

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Морозенко С. М.

 

Read 1027 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео