Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сейсенбі, 30 қаңтардың 2024 17:08

Студенттік ғылыми-практикалық конференция "Қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесінің өзекті мәселелері"

2024 жылдың 25 қаңтарында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде шет тілдері кафедрасының апталығы аясында "Қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесінің өзекті мәселелері" атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

1-4 курстың 12 студенті өздерінің ғылыми жетістіктерімен бөлісті, олар мақалаларын үш: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынды. Студенттер бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеуін дамытудың тиімді құралдары, заманауи қазақстандық білім берудің ерекшеліктері, бастауыш мектепте бағалау кезінде білім алушының мотивациялық саласын арттырудың негізгі факторлары сияқты білім берудің өзекті мәселелерін атап өтті, жастарды адамгершілік-рухани тәрбиелеу процесінде жалпыадамзаттық және дәстүрлі құндылықтарды сақтау проблемасын және қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесінің басқа да проблемаларын талқылады. Іс-шараның мақсаты колледж білім алушыларының шығармашылық және зияткерлік әлеуетін анықтау және қолдау, білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын дамыту болды. Сөз сөйлеуді қазылар алқасының мүшелері: Морозова Д.А., педагогика ғылымдарының кандидаты, У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының аға оқытушысы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ, А.А. Жармұхамбетова, Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің филология кафедрасының жалпы білім беретін пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, А. Б. Буранова  шет тілдері кафедрасының арнайы пәндер оқытушылары бағалады. Қазылар алқасының мүшелері ғылыми-практикалық баяндамаларды бағалау кезінде келесі критерийлерді басшылыққа алды: материалды ұсынудың өзектілігі, қисындылығы мен мазмұны, ғылыми дәрежесі, шығармашылық тәсілі, жұмыстың практикалық маңыздылығы, шешендік өнер және материалды ұсынудың сауаттылығы, сөйлеу регламентін сақтау және ұсынудың көрнекілігі. Конференция қорытындысы бойынша білім алушылар I дәрежелі дипломдармен марапатталды: Қуанышова Гүлназ, М-41 тобының білім алушысы, ғылыми жетекшісі Елеусізова Д.А., математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының математика оқытушысы; Горбунова Елизавета, Ар-41 тобының білім алушысы, ғылыми жетекшісі Деннер Н.Н., шет тілдері кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы. II дәрежелі дипломды Ар-44 тобының білім алушысы Кристина Мамешоваға, ғылыми жетекшісі А.Б. Шопанова, шет тілдері кафедрасының арнайы пәндер оқытушысына табысталды. ІІІ дәрежелі дипломмен У-31б тобының білім алушысы Тәжекенова Наргиз, ғылыми жетекшісі Рихтер О.А., жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының жалпы білім беру және әлеуметтік пәндер оқытушысы марапатталды. Конференцияға қатысу білім алушыларға заманауи білім беру жүйесінде қолданылатын жаңа идеялар мен тәсілдер туралы білуге, колледжде өткізілетін ғылыми-зерттеу қызметі туралы өз түсініктерін кеңейтуге, теориялық білімді практикада қолдану тәсілдері туралы білімдермен байытуға, қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. сондай-ақ оларға одан әрі ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ұсыныстар берілді.

В.Н. Плохотенко., шет тілдері кафедрасының

 арнайы пәндер оқытушысы

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео