Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сейсенбі, 13 ақпанның 2024 15:11

WorldSkills - кәсіби шеберлікке бастайтын алғашқы қадам.

Қазіргі таңда болашақ мамандарға қойылатын басты талап – олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі. Осыған байланысты Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің

мектепке дейінгі бөлімшесінің әрбір студенті кең сұранысқа ие мамандықты иемденіп қана қоймай, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылады, өйткені заман талабы өз заңдылықтарын талап етеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ мамандарын дайындаудың құрамдас бөліктерінің бірі олардың әртүрлі байқауларға қатысуы болып табылады. Солардың бірі WorldSkills кәсіби шеберлік байқауы. 2024 жылдың 13 ақпанында «Мектепке дейінгі білім беру» құзыреттілігі бойынша WorldSkills кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Оған В-31 топ студенттері Зражевская А., Б-22 Серік А., Кравченко О., Клейн А., Т-31 Жапарова А. және Матжанова М. Алдын ала әр топта  байқауға қатысушыны іріктеу және анықтау ұйымдастырылған болды, ең үздік дегендер іріктеліп байқауға қатысты. Әрбір қатысушы электронды дидактикалық ойындарда кәсіби білімі мен коммуникативтік дағдыларын көрсетті. Ойын барысында әрбір қатысушы өзінің білімі мен дағдыларын ғана емес, эмоционалдылығын, еріктілермен қарым-қатынасын, тосын жағдайлардан шығудың жолын таба білу қабілетін көрсетуге тырысты. Қатысушылар қимыл  ойындар арқылы өздерінің біліктілікпен дағдыларын   көрсетуді жалғастырды. Білім алушылар  құрал-жабдықтарды дайындауда, ойын ережелерін түсіндіруде және оны өткізуде өз кәсіби деңгейін көрсете  білді. Сайысқа қатысушылардың ойынға сіңісіп, алғыр болғаны сонша, олар мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің педагогтарынан  құралған қазылар алқасының өкілдеріне аса мән бермеді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды – WorldSkills аумақтық  чемпионатында колледжіміздің атынан қатысатын В-22 Серік А. және Т-31 Жапарова А. Оларға сәттілік пен жүлде орындар тілейік!

Арнайы пәндер оқытушысы Молдабаева А.У.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео