Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Жұма, 15 наурыздың 2024 10:34

Ғылым болашаққа апаратын жол

  Қазіргі ғылым мен болашаққа ұмтылу қоғам алдында тұрған жаһандық сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді көрсететін тенденцияларды қамтиды. 2024 жылдың 14 наурызында «Пирамида» ғылыми-студенттік кездесуі өтті, оған құрметті ғалымдар – Дина Асқатқызы Морозова, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының

шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты мен Серікжан Сағындықұлы Исмаилов, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ кафедра меңгерушісінің м. а., қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты қатысты.
  Кездесу барысында қазіргі заманымыз үшін аса маңызды болып табылатын тарих ғылымындағы зерттеулердің басым бағыттарының мәселелері талқыланды. Исмаилов Серікжан Сағындықұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік және облыстық комиссиядағы жұмысының нәтижелерімен, ғылыми-зерттеу қызметі барысында ашылған жаңалықтармен және тарихтың маңызды тұстарымен бөлісті. Кездесуге қатысушылар зерттеу саласындағы табысты жұмысты қамтамасыз ететін белгілі бір әдістер мен тәсілдерді қолдану туралы пайдалы ақпарат алды. Заманауи ғылымдағы ең маңызды негізгі үрдістер мен басым бағыттарды Дина Асқатқызы Морозова атап өтті. Баяндамалардың қорытындысы бойынша студенттер өздерін қызықтырған және толғандырған сұрақтарын айтып, ғылыми жұмыстарды жазу және зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар алды.
  Білім және тәжірибе алмасу, ұсыныстар алу және тұрақты ынтымақтастық ғылыми студенттік қоғам жұмысының маңызды факторы болып табылады. Өздерінің озық тәжірибелерімен қуана бөлісетін көрнекті қайраткерлер мен ұлы тұлғаларға колледж есігі әрқашан ашық.

Болих Зайнура, У-41 тобының студенті

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео