Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сейсенбі, 19 наурыздың 2024 14:49

"Бұл әлем қандай керемет!».

2024 жылғы 18 наурызда Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Бұл әлем қандай керемет!» атты бейнероликтер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – өміршеңдікті, стресске төзімділікті, позитивті өзін-өзі тануды және проблемалық өмірлік жағдайларда сындарлы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Байқауға 1-4 курстың 12 тобы қатысты. Бейнероликтерде қайғыдан көңілді сәтке, мағынаға толы және студенттік өмірдің жағымды кездеріне дейінгі көптеген өмірлік сәттер болды, онда жақын адамдарға (ата-аналарға, достарға, оқу топтарының жетекшілеріне) қолдау көрсету және бақытты сәттерді байқай білу туралы айтылды.

Байқау қазылар алқасы педагог-психологтар Ганцаревич Валентина Геннадьевна және Сабанова Айгүл Жаныбайқызы, әлеуметтік педагог Муратова Гүлнара Ароновна қорытындылады:

1 орын – Ак-11 тобы (оқу тобының жетекшісі Шайхетдинова Айнагүл Батыржанқызы)

2 орын – У-11 а тобы (оқу тобының жетекшісі Мануленко Виктория Владимировна)

3 орын – Ир-11 тобы (оқу тобының жетекшісі Салкенова Меруерт Қабдоллақызы)

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары мақтау қағаздарын алды, ең жақсы «Бұл әлем қандай керемет!» бейнероликтер облыстық байқауға жіберіледі.

Педагог-психолог Сабанова А.Ж.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео