Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сейсенбі, 05 наурыздың 2024 10:42

«Мамандық таңдау – болашақ таңдау»

1 наурыз  күні Қостанай қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы білім беретін  мектебінде  «Мамандық таңдау – болашақ таңдау» атты 9 сынып оқушылары және  ата – аналарға арналған жалпы мектепшілік жиналысы өтті.


           Директордың кәсіби ісі жөніңдегі орынбасары Исмагулова Гульнур Ундосыновна өз баяндамасында: «Мамандық таңдау  – кез келген адамның ересек өмірге жасайтын алғашқы қадамдарының бірі болып саналатының жеткізді. Қандай мамандық таңдау керек және болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болуға бола ма? Қай мамандық қаржылық тәуелсіздік әкеледі? Жасөспірімге бұл сұрақтарға нақты жауап беру қиындық тудырады. Себебі ол, мамандықтар әлемімен жетік таныс емес, бірде бір рет жұмыс істеп көрмеген. Ал жас кезде мамандығын дұрыс таңдамаған ересектерге өмірін түбегейлі өзгертіп, басқа қызмет түріне ауысу тіптен қиын» - деп айтып өтті.
       Оқушылардың мамандық таңдауы мектеп жантанушысың да аландататын мәселенің бірі. Нуржанова Айнагуль Болатовна 9 сынып оқушыларымен мамандыққа бейімділіктерің анықтау барысында алынған тест нәтежиелерімен бөлісе отырып, ата - аналарға арналған тақырыптық нұсқаулықтармен бөлісті.
   Кәсіптік бағдар беру аясында  ата-аналардың назарына буклеттер, презентациялар және бейнематериалдар түрінде колледж мамандықтары туралы ақпарат ұсынылды. Ата-аналар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Музыка және сәндік-қолданбалы өнер
кафедрасының оқытушылары Тулепбаева Ж.С., Сагумбаева А.С.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео