Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Жұма, 26 сәуірдің 2024 17:24

Педагогикалық кеңес

2024 жылдың 25 сәуір күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК WORKSHOP аясында «Колледждің инновациялық қызметі болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту факторы ретінде» тақырыбында педагогикалық кеңесін өткізді.

Мақсаты:

  • білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін инновациялық технологиялар мен заманауи оқыту құралдарын пайдалану бойынша педагогтердің тәжірибесін тарату үшін жағдай жасау;

Міндеттері:

  • берілген тақырып бойынша кәсіби қарым-қатынас кеңістігін ұйымдастыру;
  • workshop қатысушыларының кәсіби дағдыларын көрсету.

Жүзеге асыру форматы:

  • Workshop, пікірталас клубы

Отырыс барысы

  1. Алдыңғы педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау туралы.
  2. Колледж педагогтерінің инновациялық қызметін ұйымдастыру және мазмұнының ерекшеліктері туралы.

Workshop-ң практикалық бөлігі

  1. Оқу-тәрбие процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу туралы:

1) №1 Setskills «Төңкерілген сынып» білім алушылар мен педагогтердің инновациялық ойлауын қалыптастыру құралы ретінде».

2) №2 Setskills «Scaffold білім алушылардың негізгі құзыреттерін дамыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру құралы ретінде».

3) Педагогикалық QUIZ

4) №3 Setskills «Өнертапқыштық есептерді шешу теориясы (ӨЕШТ): сабақтағы шығармашылықтан өмірдегі шығармашылыққа дейін».

5) №4 Setskills «Педагогикалық рефлексия оқыту субъектілерінің дамуы мен өзін-өзі дамытуының қажетті шарты ретінде».

6) Workshop қорытындысын шығару. Рефлексия.

  1. Педагогикалық кеңес шешімінің жобасын қабылдау, дауыс беру.

Әртүрлі

  1. Дипломдарды тапсыру рәсімін өткізу.
  2. «Таза сессия» акциясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы.
  3. Педагогтерді марапаттау
  4. Педагогикалық кеңесті қорытындылау.

Педагогикалық кеңестің практикалық бөлімі қызықты, жаңа ресурстарға толы болды. Спикерлер PocketMod, «Төңкерілген сынып», Scaffold әдістерінің құрылымымен бөлісіп педагогтермен өзара тәжірибе алмасты, «Супер тапсырма» бизнес ойыны мен педагогикалық КВИЗ ұжым үшін өте қызықты болды. Ұсынылған «Мен – табысты педагог» атты аффермацияға толы видео ерекше орын алды. Яғни, педагогикалық кеңестің практикалық бөлімі жаңа ресурстарға толы болғаны қуантты.

Дипломдарды тапсыру рәсімін өткізу мәселесі бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.М. Морозенко баяндады.

«Таза сессия» акциясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы директордың ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары Ж.И.Кубжасарова құнды мәліметпен бөлісті.

Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша колледж құрамының педагогикалық бастамасын, инновациялық, баспа және ғылыми-әдістемелік қызметін дамытуға, оқу-құралдары мен оқу әдістемелік кешендерді әзірлеуге және шығаруға, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жинақтауға жәрдемдесу үшін инновациялық технологияларды пайдалану бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Каскырбаева М. О., әдіскер

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео