Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Жұма, 21 қыркүйек 2018 19:39

Тілдерді мергерулерін танытты

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үкімімен 22 қыркүйек елімізде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Жыл сайын елімізде мекендеп жатқан әртүрлі этнос өкілдері бұл күнді атап өтеді.

Әр тіл – бұл үлкен өмір. Тіл - зерттеуге арналған нысан ғана емес, сонымен қатар халықтың  жүрегі, оның жан дауасы, естелігі, қазынасы. Ол әрқайсымыздың жүрегімізге ыстық махаббат, сүйіспеншілік, ризашылық сезімдерін сыйлау керек.

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесін атап өту мақсатында, Қостанай педагогикалық колледжінде 21 қыркүйек күні тілдерді меңгеру аясында, бірінші курс студенттері арасында интеллектуалдық байқау өтті. Құттықтау сөзді кафедра меңгерушісі Кенжегарина А.А. жасады. Ал кеш жүргізушісі Ткаченко Т.Е. залға достық атмосфера сыйлай білді.

Барлық конкурс бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар топтың аты мен ұранын ойлап тапты. Барлық топтар дайындыққа жауапты және креативті келді. Олар арнайы белгілер мен түрлі түсті галстуктер ойлап тапқан екен. Осылайша байқауға 3 топ қатысты. Олар: №1 мектеп бөлімінен «Полиглот», № 2 мектеп бөлімінен «Ағылшындар» тобы және мәдениет бөлімінен  «Умницы» тобы болды. Қатысушыларды әдебиет мұғалімдері С.А.Баекенова мен Юсова Л.В. қазылар алқасы бағалады.

Барлық іс-шара барысында қатысушылардың жанкүйерлері оларды тек ыстық ықыластары мен үлкен қошемет арқылы ғана емес, сонымен қатар рухты тілектерімен қолдап отырды.

Қатысушылардың жарысы арасында жанкүйерлердің ортасында да жарыстар ұйымдастырылды. Олар да өз кезегінде жаңалтпаштар мен логикалық жұмбақтарды шешіп, белсенділік танытып отырды. Әр дұрыс жауапқа арнайы фишкалар берілді, жанкүйерлер ойын соңында ұтып алған фишкаларды сыйлықтарға ауыстырып алды.

Шара барысында қатысушы топтар жауаптарына байланысты өз ұпайларын алып отырды. Жарыс соңында төрешілер сол арқылы жеңімпазды таңдай алды. Барлық топтар да берілген тапсырмаларды жақсы әрі тиянақты орындауға тырысты. Олар тапсырмаларға қатысты өздерінің білімдерін көрсете білді және топ ішінде жұмыс істей білу қабілеттерін танытты. Төрешілердің шешімі бойынша 22 баллмен, жеңісті мәдениет бөлімінен «Умницы» тобы, екінші орынды 21 баллмен, №2 мектеп бөлімінен «Ағылшындар» және 20 баллмен, үшінші орынды №1 мектеп бөлімінен «Полиглот» алды.  Қазылар алқасының мүшелері іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға алғысын айтып, студенттерге тілектерін білдірді және топтарды марапаттады.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар интерактивті тақтада жүргізіліп жатқан презентация аясында ескерткіш сыйлықтармен және мадақтамалармен жалпы фотосурет жасады.

Іс шара жемісті әрі сәтті өтті. Шараның мақсатқа жетудің бірден бір себептері студенттердің белсенділігі мен командалардың жауапкершілігі және шараның ұйымдастырылуы.

Конкурс аяқталғаннан кейін өзге тілдерді білу - бұл өмірге үлкен тірек болар еді деген қорытындыға келдік. Әр тіл өздігімен әдемі және бай. Тілдерді меңгеру маңызды және жауаптылықты талап етеді. Біздің мемлекетіміздің одан әрі гүлденуі мен дамуы үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті болып табылады.

И. Соколова У-21 тобының студенті 

Read 910 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео